Мәселе

"Зиратта коронавирустан қайтыс болғандардың қабірі 3 есе көп": Алдын ала қазылған қабірлер неге тұр

  • "Зиратта коронавирустан қайтыс болғандардың қабірі 3 есе көп": Алдын ала қазылған қабірлер неге тұр

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 35 адамға жетті. Алматыда 10 адам көз жұмды. Олардың денесі арнайы санитарлық талатпарды ескере отырып, Іле ауданына қарасты, Қараой ауылының маңайындағы зиратқа қойылды.


Зиратқа жақындауға болмайтыны себепті видеоны дронмен төбесінен түсірдік, деп хабарлады http://"Сөздің шыны керек" бағдарламасында.

Қабір саны он емес, одан үш есе көп. Ал, қарайған нүктелер тағы да алдын ала әзірленіп қойған қабірлер. Хлор төгіліп әзірленген шұңқырға адам көміледі деген сөз. Онда кімдердің мәйіттерін әкеледі. Неге адам саны ресми орган таратқан мәліметтен тым көп. Ресми мәліметке сәйкес, Алматыда 10 адам қайтыс болды деген зиратта неге 30 адам жерленген? Жоқ әлде қайтыс болғандар саны күн санап көбейіп жатыр ма? Олай болса, ресми мекемеле неге тиісті мәлімет бермейді? Коронавирус диагнозы қойылмағандан да осында жерлене ме?

 

Коронавирустан қайтыс болғандар жерленетін зираттың мұсылмандар жататын жерінде 13 адамның, екінші жағында 17 адамның қабірі тұр. Мәліметке сәйкес, Алматыда көз жұмғандар саны 10 адам. Облыста тіркелген жоқ. Сонда қалған 20 адамның ақпараты қайда? Тағы 12 қабір қазылып неге дайын тұр?

Бұған Алматы тараулар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жауап берді.

"Коронавирусқа тестілеудің оң нәтижесі бойынша, барлық науқастарға коронавирус диаогнозы қойылады. Ал олардың арасында коронавирус салдарынан емес, өлім-жітім тудырған басты себепші болған әр түрлі созылмалы немесе қатерлі ісік ауруларымен сырқаттанған науқастар да болады. Талдау жүргізетін комиссияның қорытындысы бойынша, негізгі себептер мен диагнозы қойылады. Сондықтан қайтыс болғандардың ресми саны мен жерленгендер саны сәйкес келмеуі мүмкін", - делінген жауапта.

Яғни, ресми статисткада жоқ, басқа диагнозымен қайтыс болғанымен, тестілеудің оң нәтижесі коронавирусты көрсеткен жағдайда сол зиратқа жерленеді деген сөз. Қазір барлық аймақта коронавирустан қайтыс болғандарды зерттейтін арнайы комиссия құрылып жатыр.

Ешкім вирустың барын жоққа шығарып тұрған жоқ, бірақ әр науқастың жағдайын жақындарына дұрыс түсіндіру керек. Қауесет тармас үшін, күдік көбеймес үшін. Қазір науқасты емдеу үші жедел-жәрдем шақырмай, ауруханадан қашып жүрген адамдар да бар шығар. Ал, алдын ала қабір қазып жамандық шақырғандардың ісін қалай түсінуге болады?

 




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30