Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зорлық жасады деп айыпталған экс-депутаттың есімі мен суреті жария болды (фото)

04 қаңтар 2018, 18:45

"Не молчи" қоғамдық қорының лидері Facebook парақшасында 19 жастағы бойжеткенді зорлады деп айыпталған ШҚО-дағы экс-депутаттың фотосы мен есімін жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

19 жастағы Елена Иванованы зорлады деп айыптайтын жазбаны ШҚО Ішкі істер департаменті зерттеп, полицейлер заңның бұзылғаны туралы ешқандай мәлімет таппаған.

"ІІД Dina Tansari есімді қолданушының желідегі жазбасын зерттеді. Бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 403 бабына сай құқық бұзушылық екендігіне ешқандай негіз жоқ", - дейді полицияда.

Экс-депутаттың фотосы мен есімін жария еткен Дина Смаилова парламент депутаттарынан Елена Иванованың ісін қарастыруда жұмыс тобын құруды өтінді.

"Парламент депутаттарына өтініш. Көбіңіз Facebook парақшасында барсыздар және Лена Иванованың ісі талқыға алынғанын көріп отырсыздар. Іс жабылғанын да білесіздер. Онда экс-депутат әрі нұротандық азамат Ержана Скаковтың есімі аталуда... Құрметті парламент, сіздерден жаңажылдық мерекелерден кейін Елена Иванованың ісі бойынша жұмыс тобын құруын сұраймыз", - дейді Дина Смаилова.