Мәселе

Зымыранның зардабы: Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққандар қатары көбейді

  • Зымыранның зардабы: Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққандар қатары көбейді

    Зымыранның зардабы: Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққандар қатары көбейді

Байқоңыр ғарыш айлағының адам денсаулығына зарбады орасан болып отыр. Бүгінде Қызылорда облысында онкологиялық және орталық жүйке жүйесі аурулары артуда, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, бүгін парламентте осы мәселені көтерді. Оның айтуынша Ресей ғалымдары құлаған зымыран қалдықтарының қоршаған ортаға қауіптілігін анықтаған.

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовтің айтуынша, зымыран тасығыштарды ұшыруға қажетті гептилдің адам денсаулығына зардабы орасан. Ал әуе кемесінің қалдықтары құлаған аймақтарды залалсызданыруды ресейлік емес, қазақстандық компанияның жүргізгені жөн деп есептейді. Сондай-ақ, "Байқоңыр" ғарыш айлағының адам денсаулығы мен табиғатқа келтіретін зиянын толық тексеруді талап етті.  

 
"Ракета қалдықтары түсетін аумақ тұрғындарын жаппай жыл сайын скринингтік тексерістен өткізу керек. Сонымен қатар, зиянды қалдықтар түскен территорияның толық зерттеп, гептилдің келтірген әсерін нақты анықтауымыз шарт. Қазақстандық ғалымдардың осы мәселені зерттеу жұмыстарын да қаржыландыруымыз шарт", - дейді парламент мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов.   

"Байқоңыр экомониторинг" қоғамдық бірлестігі әр зымыран тасығыш ұшырылғаннан кейін, Байқоңырда жел көтеретінін айтып отыр. Бұл тыныс жолдары ауыратын адамдарға қиындық тудырып жатқан көрінеді. Ал ракета қалдықтарын залалсыздандыру жұмыстарының көлеңкелі тұстары көп дейді қоғамдық қор төрағасы.

"Алдыңғы жылы "РосКосмос" Байқоңыр ғарыш айлағынан 4 қоқыс алаңын ашты.  Енді өздері қалаған түрлі радиактивті қалдықтарды көміп жатыр. Қазақстан тарапы бұны еш қадағалап отырған жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне тексеру туралы арыз жаздым. Олар маған ол коммерциялық аймақ екендігін айтумен шектеліп отыр", - дейді "Байқоңыр экомониторинг" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Дәулетбаев. 

Мәжіліс депутатының айтуынша, құлаған зымыран бөлшектері адам денсаулығына кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан Жезқазғанда қатерлі ісік аурулары өршіп барады дейді. Қызылорда облысындағы ахуал да мәз емес. Дәрігерлердің айтуынша 2019 жылмен салыстырғанда былтыр онкологиялық аурудан көз жұмғандар саны 12,7 пайызға өскен. Ең сорақысы ауру жасарып барады дейді ақ халаттылар.

"2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 6,5 пайызға артқан. Бір күнде 21 адам қабылдаймын. Қазір онколгиялық аурулар жасарған. Мысалы жатыр мойынының қатерлі ісігін алатын болсақ, қазір жас қыздар ауырып жатыр.  Анықтағанда олар көбіне асқынған сатысында келеді өкінішке орай", - дейді Қызылорда облыстық онкологиялық орталығының дәрігері Алма Бапанова. 

Соңғы он жылда Қазақстан территориясында үш ракета апатқа ұшыраған. Ал мәжіліс депутатының есебінше, Байқоңыр ғарыш айлағы ашылғалы бері Қазақстан мен Алтай аумағына 600 ракетаның бөлшектері түскен. Ол орташа есеппен 3 мың тоннаны құрайды.
 




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 11:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31