11 жастағы қазақстандық спортшы акробатикадан әлем чемпион атанды

29 қараша 2021, 11:25

11 жастағы қазақстандағы спортшы Ислам Қабдолов батут гимнастикасынан өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс Әзірбайжанның Баку қаласында өтті. Қабдолов 11-12 жастағы спортшылар тобында өнер көрсеткен. Ол акробатикалық жолда секіру категориясында 31,100 ұпай жинап, топ жарды. 

Ислам Қабдолов 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде 12 жасқа толады. 

Айта кету керек, Бакуде өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачев синхрондық секіруден алтын медаль жеңген еді. Олар 17-21 жастағы спортшылар тобында Франция мен Беларусь елдерін басып озды.