Спорт

"11 жыл күткен": Спортшыға жаттықтырушысы Олимпиада кезінде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

  • https://www.tycsports.com/

    https://www.tycsports.com/

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде тағы бір қызықты жайт орын алды. Бұл жолы аргентиналық спортшыға жаттықтырушысы тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады деп хабарлайды TyC Sports.

 

Токиодағы Олимпиада ойындары 36 жастағы аргентиналық семсерлесуші Мария Белен Перес Мористің есінде мәңгі қалады - ол жарыста жеңіліп қалғанымен, үйіне қалыңдық ретінде оралатын болды.

 

26 шілдеде өткен турнирдің 1/16 айналымында венгриялық Анна Мартоннан жеңіліс тапқан спортшыға жаттықтырушысы әрі сүйіктісі Лукас Сауседо тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

 

Мария бұл сәтте Аргентина телеарнасына тікелей эфирде сұхбат беріп жатқан еді. Бір сәтте журналист семсерлесушіден артқа қарай бұрылуды өтінеді. Мария артына бұрылғанда "Сен маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазу көріп, таңдасын жасыра алмаған. Себебі ол мұндай ұсынысты күтпегін айтады.

 

Өйткені жастығын алға тартып, 11 жыл бұрын тұрмысқа шығудан бас тартқан екен. Бұл жолы Мария басын изеп, сүйіктісіне келісімін берді. Қос ғашықтың көңіл жарастырғандарына 17 жылдың жүзі болған.

 

 

Айта кетейік, бұған дейін осы Олимпиада ойындары кезінде татамиға шығайын деп тұрған шәкіртінің бетінен ұрып, сілкіп алған неміс жаттықтырушысы желіде қызу талқыға түскен еді.

 

Кейін дзюдошы Мартина Трайдос бұған қатысты пікір білдіріп, бұл жерде тұрған ешқандай әбестік жоғын айтқан еді.

 

"Мені жаттықтырушым жарыс алдында осылай жігерлендіреді", - дейді Мартина.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1026    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 08:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30