Спорт

16 жастағы қазақ баласы АҚШ-тағы жарыста әлем чемпионы атанды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Американың Лас-Вегас қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Чемпионаттағы алғашқы медальды Қазақстан құрамасының қоржынына 16 жастағы спортшы Сайрамкез Ақмолда салды. Алматы облысының тумасы 61 килограмға дейінгі салмақ санатында алтын медальды жеңіп алды.


Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 257 кг зілтемір көтеріп (жұлқи көтеруде - 112 кг, серпе көтеруде - 145 кг), берілген алты мүмкіндіктің барлығын ұтымды пайдаланды.


Екінші орынды түрік спортшысы Юсуф Фехми Генч - 254 кг (108+146) алды, ал үшінші орынға вьетнамдық Динх Санг Буй - 243 кг (113+130) тұрақтады.


Айта кетейік, 8 наурызда басталған жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты 15 наурызға дейін жалғасады. Оған әлемнің 50 елінен 13-17 жастар шамасындағы 200-ден астам атлет қатысуда. Қазақстан құрамасы осы додаға 5 спортшысын қосқан.


 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30