17 жастағы қазақ қызы ауыр атлетикадан Әлем кубогінде жеңімпаз атанды

19 қараша 2020, 14:17

Перудің Лима қаласында өтіп жатқан әлем кубогінде қазақстандық Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогінің жеңімпазы атанды,- деп хабарлайды Olympic.kz.

 

Қоссайыс нәтижесі бойынша Айсамал 244 келі көтеріп (107+137), екінші орындағы Тайпей спортшысынан 14 келі артық көрсетті.

 

Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәлі Тұяқов үшінші орыннан көрінді. Ол ерлер арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді.

 

Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

 

 

kaz.vesti.kz