Спорт

2020 жылғы Мюнхен марафоны жаңа форматта өтеді

  • 2020 жылғы Мюнхен марафоны жаңа форматта өтеді

    2020 жылғы Мюнхен марафоны жаңа форматта өтеді

Марафонды ұйымдастырушылар Мюнхенде жарысты өткізу форматына өзгеріс енгізілгендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спорттық шараны 2020 жылы 11 қазанда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар марафонды виртуалды форматқа ауыстырмады, бірақ қатысушылар санын 12 600-ге дейін шектеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ марафонның ара қашықтығы да қысқарды. Жүгірушілер бұрынғыдай 42 км емес, 30 км қашықтықты бағындыруы қажет болады. Аталғандармен қоса ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы ережелер жиынтығы мен гигиена тұжырымдамасын жасады.

«Біздің барлық шешімдеріміз бекіту үшін Мюнхеннің тиісті органдарына жолданды. Біз Мюнхенде жолығып, марафонды «2020 марафонын өзгеше өткіземіз» деген ұранмен ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»,-деді Мюнхен марафонының директоры Йорг Вениг.

 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 02:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31