2024 жылғы жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты Сена өзенінде өтеді (видео)

15 желтоқсан 2021, 10:26

Жұмысшылардың шағымынан кейін денсаулығына байланыста жұмыста болмаған қызметкерлердің ақысы төленді

Парижде болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты алғаш рет өзен жағасында өтпек. Франция астанасынің мэрі мен жазғы ойындарды ұйымдастыру комитетінің басшысы осындай шешімге келген.
Бұл жолы Олимпиада қатысушылары қайықтар мен кемелерге отырып Аустерлиц көпірінен Эйфель мұнарасының жанындағы Йена көпіріне дейінгі арақашықтықты жүзіп өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.
euronews агенттігі мәліметінше, Трокадеро алаңында Олимпиада алауы жағылып, спорттық шараның ашылу рәсімі 2024 жылдың 26 шілдесінде болады.
"Ойындардың ашылу салтанатын бір жарым миллиард адам көреді. Сондықтан біз бүгінгі Францияның қандай екенін, оның Олимпиада тарихында қандай рөл атқарғанын көрсеткіміз келеді. Ол тек ХХХІІІ Жазғы Олимпиада өтетін мемлекет қана емес. Біз бұл жолы жарыстарды ұйымдастырудың жаңа үлгісін, яғни қалалық спорт түрлерін көрсеткіміз келеді. Бұрын-соңды болмаған Олимпиада мерекесін ұйымдастырмақпыз", — Франция Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тони Эстанге.
Мерекені ұйымдастырушылар салтанатты рәсімді барынша әсерлі өткізуге барын салып жатқандарын айтты. Қойылым жағалаудың алты шақырымдық аймағында өтеді.
Біз салтанатты ашылу рәсімін 600 мың, тіпті одан да көп адам тәкелей эфирден тамашалай алса екен деп тілейміз. Меркеге ортақтасқандарыңызды қалаймыз, — деді Париж қаласының мэір Анн Идальго.