Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

260 миллион еуроға арыз. Италиялық клуб Сабина Алтынбековамен амалсыздан қоштасқан

17 тамыз 2020, 22:12

Италиялық "Волалта Казерта" Сабина Алтынбекованы заңгерлік қиындықтарға байланысты командаға ала алмайтын болған екен.

 

Елдің волейбол федерациясы (FIPAV) клубқа Италияның ең жоғары лигасы - А1 сериясына ойнауға рұқсат бермеген. Осыдан кейін "Казерта" команданы тарататып, жобаны жабатынын, FIPAV пен Әйелдердің кәсіпқой лигасы қатарынан шығатыны туралы хабарлады. Федерация бұл шешімге төленбеген айыппұл себеп болғанын айтты, алайда, команда ешқандай қарызы жоғын мәлімдеді.

 

Ендігіде клуб басшылығы сотқа жүгінбек. Осылайша, "Казерта" FIPAV-тан 50 миллион еуро, лигадан 30 миллион, еуропалық және италялық нарықтан ойыншы алғызбай қойған Еуропалық конфедерациядан (EVB) 80 миллион және Халықаралық федерациядан 100 миллион өтемақы талап етіп сотқа арыз берді.

 

Шағымның жалпы соммасы 260 миллион еуро. "Волалто" шығыны 30 миллион еуро деп есептеліп отыр.

 

kaz.vesti.kz