Спорт

4 дүркін Олимпиада чемпионы допинг ережесін бұзғанын мойындады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіруші, төрт дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы британдық Мо Фарах допингке қарсы ұйымдардан L-карнитин затын қолданғанын жасырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

2014 жылғы Лондон марафоны қарсаңында L-карнитин жеңіл атлеттің ағзасына төрт рет енгізілгені анықталды, алайда бұл допингті бақылауға арналған формада көрсетілмеген. L-карнитин егер рұқсат етілген мөлшері 50 мл-ден асқан жағдайда допинг деп саналады.

 

Допингке қарсы ұйымдардың деректері бойынша Фарахтың жағдайында мөлшері аспаған, сондықтан спортшыны допингті бақылауға арналған формада затты қолдануды көрсетпегені үшін ғана айыптауға болады.

 

Ал дисквалификацияланған спортшының бапкері Альберто Салазар болған оқиға туралы білген. Аталған затты қолдану туралы бірнеше жылдан кейін допинг-комиссарларымен болған әңгімелесу кезінде белгілі болды.

 

Фарах әуеліде бәрін жоққа шығарды, бірақ кейінірек ол инъекциялар туралы ұмытып кеткенін және заттың атын есіне түсіре алмағандығын мәлім етті.

 




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31