Спорт

GGG Том Леффлермен келісімшартты үзгені рас па? Промоутер мәлімдеме жасады

  • GGG Том Леффлермен келісімшартты үзгені рас па? Промоутер мәлімдеме жасады

    GGG Том Леффлермен келісімшартты үзгені рас па? Промоутер мәлімдеме жасады

Америкалық промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкинмен келісімшартты үзгені туралы қауесетке қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды BoxingScene. Леффлердің айтуынша, таяуда Головкин мән-жайды өзі айтып береді екен.


"Бұл тақырыпқа қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Ол өзі мәлімдеме жасаған уақытта адамдар барлығына көз жеткізеді. Ол өзінің GGG Promotions промоутерлік компаниясын құрғысы келеді және мәлімдемеден кейін барлық әңгіме сап тыйылады да, әркімнің аузына қақпақ болудан құтыламын", - дейді Леффлер. Промутер жақында Головкин жаңа телесеріктес туралы да мәлімдеме жасайтынын айтады. Леффлер оның DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отырғаны туралы мәліметті растамады да, жоққа шығарған да жоқ. "Бұл туралы айта алмаймын, өйткені әлі ештеңеге қол қойылған жоқ. Алдымен ол шешім қабылдайды, сосын ғана мәлімдеме жасайды", - дейді промоутер. Еске салайық, DAZN Головкинмен келісімшарт жасасатыны туралы мәлімдеме жасаған еді. Кей мәліметтер бойынша, қазақстандық боксшы әрі промоутер ретінде келісімшартқа қол қояды және компания акционері болады.

 




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.02.2019, 14:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31