Спорт

UFC басшысы МакГрегор мен Порье арасындағы кездесу қашан өтетінін айтты

  • Конор МакГрегор. Сурет: insider.com©

    Конор МакГрегор. Сурет: insider.com©

UFC ұйымының президенті Дана Уайт Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы кездесу UFC 257 турнирінің басты айқасы болатынын айтты, деп хабарлайды ESPN порталы.

 

"Егер барлығы ойдағыдай болатын болса, МакГрегор мен Порье арасындағы кездесу 23 қаңтарда "Жауынгерлер аралында" өтеді. Бірақ ол уақытқа дейін әлемде қандай өзгерістер болатыны белгісіз", - деді Уайт.

 

Айта кетейік, МакГрегор үшін бұл соңғы бір жылдағы бірінші кездесу болмақ. Ол соңғы рет октоганда 2020 жылдың қаңтарында шығып, Дональд Серронені бір минутта нокаутқа түсірді.

 

Ал Порье болса 2020 жылдың маусымында Дэн Хукермен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

 

Негізі бұл екі спортшы бұған дейін кездескен. 2014 жылы өткен айқаста ирландиялық спортшы жеңіске жеткен болатын.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 17:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31