Спорт

UFC-дегі атақты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатты

  • https://www.sportsdaily.ru/

    https://www.sportsdaily.ru/

Америкалық файтер Джон Джонс жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпиондығынан бас тартты. Бұл туралы спортшының өзі твиттер желісінде жазды.

 

32 жастағы Джонс титулды жекпе-жекті Доминик Рейес пен Ян Блахович арасында өткізуді ұсынды.

 

"Қазір бұл жекпе-жек маған ештеңе бермейді. 2021 жылы олардың кез келгенін ойланбай жеңгенімді көргілерің келсе, айтарсыздар. Ол уақытқа дейін маған ақша төлей алатын шығар", - деп жазыпты спортшы. Ал жанкүйерлердің бірінің сұрағына жауап бере отырып, ол титулдан бас тартатынын мәлімдеді.

 

Бұған дейін Джонс UFC басшылығыны сынап бірнеше пост жазған. Файтердің айтуынша, промоушен басшысы Дана Уайт оның чемпион болғанына қарамастан, ақшасын дұрыс төлемейді.

 

Джонс UFC-де жартылай ауыр дивизион титулын екі рет жеңіп алған. Екінші рет 2018 жылы болды. Содан бері чемпиондығын үш рет қорғады. Америкалық спортшы UFC ұйымының pound for pound рейтингінде көшбасшы.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31