Спорт

UFC президенті МакГрегор-Нурмагомедов қарымтасы туралы айтты

  • © Eurosport

    © Eurosport

UFC промоушенінің екі салмақта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор (22-4) ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен (28-0) қарымта жекпе-жекке биыл шыға алмайды.

 

Ұйым басшысы Дана Уайт Нурмагомедовтың келесі қарсыласы 18 сәуір UFC 249 турнирінде өтетін Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазы болатынын айты.

 

Бастапқыда Фергюсон Хабибпен жұдырықтасу керек болатын, алайда, ресейлік бұдан бас тартты. Ал Гэтжи шілдеде МакГрегормен күш сынасып, қос кездесудің жеңімпаздары өзара жекпе-жекке шығады деп жоспарланған еді.

 

"Мына коронавирус пандемисясы бәріне әсер етіп жатыр. Біз үш кешімізді шегердік, алда осы бойынша жұмыс істейміз. Мұның бәрі кімге қалай әсер тетерін білмеймін, өйткені Конор Хабибпен қарымта қалайды, ал Хабиб Фергюсон-Гэтжи кездесуінің жеңімпазымен қырқүйектен ерте жұдырықтаса алмайды. Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Мұндайды ешкім алдын ала болжай алмайды, осылай болды, енді осымен айналысамыз. Бәрін шешеміз", - дейді Уайт.

 




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30