Спорт

UFC тарихындағы ең табысты спортшының есімі белгілі болды

  • https://www.bloodandsweat.ru/

    https://www.bloodandsweat.ru/

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC тарихындағы табысы ең жоғары спортшылар тізімінде көш бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

 

Тhe Sun басылымының мәліметінше, Макгрегор әлемнің ең беделді турнирінде өткізген жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар алған.

 

Екінші орында – ауыр салмақтағы голландиялық Алистар Оверим. Оның табысы 8,7 миллион долларды құрады.

 

Табысы ең жоғары спортшылар үштігін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедов түйіндейді.

 

Басылым аралас жекпе-жек шеберлерінің гонорарларын ұсынғанда pay-per-view төлемдерін есепке алған жоқ.

 

Бір қызығы, UFC-дің үздік спортшылар рейтингінде көш бастап тұрған жартылай ауыр салмақтағы чемпион – америкалық Джон Джонс бұл тізімде жетінші орынға жайғасқан. Ол аталған чемпионаттағы жекпе-жектері үшін 6,48 миллион доллар алыпты.

 

Конор Макгрегор – екі салмақ санатынағы бұрынғы UFC чемпионы. Forbes-тің мәліметінше, ирландиялық спортшы 2019 жылы 45 миллион доллар табыс тапқан.

 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31