Спорт

UFC ұйымында өнер көрсететін отандасымыз Шавкат Рахмоновтың қарсыласы белгілі болды

  • ММА Казахстана©

    ММА Казахстана©

Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшылар арасында UFC ұйымымен бірінші болып келісімшарт жасаған Шавкат Рахмоновтың америкалық ұйымдағы бірінші қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Рахмонов өзінің бірінші кездесуін 15-шілде күні Абу-Даби қаласында өткізеді. Оның қарсыласы M-1 Challenge ұйымының бұрынғы чемпионы Рамазан Эмеев болады.

 

33 жастағы Эмеев UFC-да төрт кездесу өткізген. Ресейлік спортшы өткен жылы Мәскеуде өткен турнирде төрешілердің шешімі бойынша Рокко Мартиннен жеңілсе, оған дейін Сэм Алви, Альберто Мина және Стефан Секулича деген қарсыластарынан үстем түскен.

 

25 жастағы Рахмонов болса жартылай орта салмақтағы M-1 Challenge чемпиондық атағын өткен жылы наурызда жеңіп алды. Отандасымыз Данил Приказаданы жеңді.

 

Әу баста Рахмонов UFC-дегі бірінші кездесуін наурыз айында Лондон қаласында ұйымдастырылған UFC Fight Night 171 турнирінде өткізуі керек тұғын. Қарсыласы да анықталып қойған еді. Ол полшалық Бартош Фабински болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты турнирді АҚШ-қа ауыстырып жіберді. Ал Рахмонов виза мәселесіне байланысты Америкаға бара алмады.

 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2019 жылдың шілдесінде UFC ұйымымен келісімшарт жасады. Осылайша ол қазақ спортшылары арасында бұл беделді ұйыммен бірінші болып шартнама жасады.

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 13:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31