Ахметов енді ONE FC белдігі үшін кездесу өткізеді

18 желтоқсан 2021, 02:02

Аралас жекпе-жек файтері Қайрат Ахметов кезекті бәсекеде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек Сингапурдағы ONE Championship турнирі аясында өтті. Жеңіл салмақта өнер көрсететін Ахметов филиппиндік Дэнни Кингандпен кездесіп, үш раунд бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

 
Arlan MMA Pro Team өкілі Ахметовтің бұл - қатарынан төртінші жеңісі. Ол бұған дейін бір жыл бойы жекпе-жекке шықпаған еді. Енді қазақстандық ONE Championship чемпионы белдігі үшін Адриано Мораеспен немесе UFC-дің бұрынғы чемпионы Деметриус Джонсонмен жекпе-жек өткізуі мүмкін.