Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Аитованың алғашқы асуы

26 қаңтар 2011, 16:43

Спорт падишасы өкілдері үшін жаңа маусым басталып, халықаралық аренадағы дүбірлі жарыстар да жалауын көтере бастады.
Осындай дүбірлі жарыстың бірі Дохада өтті. Катар жерінде жеңіл атлетикадан жыл бойы өтетін «Супер Гран-при» бәсекесінің алғашқы кезеңдік жарыстары ұйымдас­тырылды. Әлемнің таңдаулы жеңілат­лет­тері ғана шақыртылған бұл додада Қа­зақстаннан тек Марина Аитова бақ сы­на­ды. Биіктікке секіруші қызымыздың алғашқы сындағы көрсеткіші аса жаман болған жоқ. Бейжің Олимпиадасынан кейін біраз уақыт демалып, жаттығу жұмыстарын осыдан екі ай бұрын бастаған Марина Дохада төртінші орынға ие болды. Ол бұл жолы 1,92 метр биіктікті бағын­дырды. Әрі «Супер Гран-при» жолындағы бәсекеде еншісіне 12 ұпай жазды.
Бірінші орынды жеңіл атлетиканың осы түрінен әлемнің маңдайалды аруы болып табылатын хорват қызы Бланка Власич ен­шіледі. Власич Дохада 2,05 метр биік­тіктің мұртын бұзбай секіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынға 1,95 метр көрсет­кішпен украин қызы Вита Паламарь ие болды. Ал үшінші орын Аитова сияқты 1,92 метр биіктікті бағындырған испан қызы Р. Бейтиаға бұйырды.
Биіктікке секірушілер арасындағы бә­секе мұнымен шектелмейді. Мамыр айы­ның екінші жартысынан бастап, бірнеше жарыс жалауын көтереді. Марина солар­дың ішінде Еуропа елдерінде өтетін төрт бәсекеге қатыспақ.