Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақ Азиадада жеті бәйге

15 қаңтар 2011, 13:27

Рупольдингте (Германия) биатлоннан әлем кубогы додасының бесінші кезеңдік жарыстары өтуде.
Неміс жеріндегі бәйгелердің екінші күні әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жа­рыс өтті. Қазақстан қыздары бұл бәйгеде аса жоғары нәтиже көрсете алмады. М.Лебедева 32-орынға ие болса, И.Мо­жевитина 59-орынды, ал А.Лебедева 75-орынды қанағат тұтты. Бұл осы маусымдағы биатлоншы қыз-жігіттер арасындағы жиырма бесінші бәйге болатын. Бұған дейін алтынға жете алмай жүрген Ресей осы жарыста қуанышқа кенелді (О.Зайцева бірінші орын алды). Кеше кешкісін ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт бас­талды. Ал әйелдер арасындағы 7х5 ша­қырымдық спринт бүгін өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, VІІ қысқы Азия ойындары бағдарламасында биатлон­шылар жеті медаль жиынтығын сарапқа салады:
ерлер – 20 шақырым, 12,5 шақырым (ізге түсу жарысы), 10 шақырым (спринт) және эстафета (4х7,5 шақырым);
әйелдер – 15 шақырым, 7,5 шақырым (спринт) және эстафета (4х6 шақырым).