Спорт

Әкесі Хабибтің октагонға Ресей туын неге алып шықпайтынын түсіндірді

  • © fighttime.ru

    © fighttime.ru

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері "Мир 24" телеарнасына берген сұхбатында ұлының неге октагонға Ресей туымен шықпайтынын түсіндірді.

Дағыстандық спортшы көбіне тұтас елдің емес, өз өңірінің патриоты деген сынға ілігеді.

Таяуда Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Конор Макгрегор былай деген еді: "Оның Ресей намысын қорғайтынына сенімді емеспін. Ресейдің атынан шыққан адамның Ресей туын алмағанын көрмеппін".

Абдулманап Нурмагомедов мәселенің туда емес екенін айтады.

"Бізді Dagestan, Russia деп хабарлайды. Дағыстан - бұл Ресей. Бізде үлкен де, кіші де отан бар. Біз Ресей Федерациясының құрамындағы субъектіміз. Бізді әрдайым ресейлік ретінде хабарлайды", - дейді UFC чемпионының әкесі.

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі көп әйел алу туралы да пікірін айтты.

"Менің жарым бар, тағы үшеуін ала аламын. Яғни, жалпы төртеу. Біреуі бар, екіншісі жақын арада болады, ал үшіншісінің болар-болмасын білмеймін. Құдай ерлерге "Жар ретінде екі, үш, төртеуін алыңдар" деп айтады. Әйелдерге қашан да құрметпен қарау керек. Әйел - біреудің қызы, біреудің әпкесі, біреудің жары, біреудің анасы. Сондықтан барлық әйелге құрметпен қарайық", - деді ол.

Бұған дейін Хабиб Нурмагомедовтің өзі неге Ресей туымен шықпайтынын түсіндірген:

"Туды алып шығып, өз елінің намысын қорғап жүрмін дейтін адамдардан айырмашылығым - мен әйелдерді зорламаймын, қарттарды ұрмаймын. Ел намысын басқаша қорғаймын. Бұл патриотизм көрсеткіші деп санамаймын. Туды көтеріп шығу аз. Соған сай болуың керек".

Тengrinews.kz

 




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30