Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтық сынға да ілікпедік

02 ақпан 2011, 11:47

Шорт-тректен қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшыларымыз үкілеген үмітімізді ақтамады. Тіпті қола медаль да бұйырмады.
Ерлер мен қыздар арасындағы 500 метрлік қашықтыққа жүгіру жарысына бізден Айдар Бекжанов, Артур Сұлтан­ға­лиев, Инна Симонова, Дарья Воло­ки­ти­налар қатысты. Алайда ешқайсысы да финалға шыға алмады.
Жартылай финалға қыздардан Инна Симонова ғана шықты. Алайда финалға шығар жарыста Инна шаң қауып қалды. Сирағы ұзын спортшылар ілестірмей кетті. Финалға тек Қытай, Корея және Жапония спортшылары ғана шықты. Бұлардың арасында бірінші және екінші орын қытай­лықтардың қоржынына кетті. Бірінші орынды Лю Цюхон алса, екінші орынды Фань Кесинь қанағат тұтты. Үшінші орын жапониялық Сакаи Юиге бұйырды.
Ерлер арасынан Айдар мен Артур да жартылай финалға шыққанда қуанып қалып едік, алайда қуанышымыз ұзаққа созылмады. Финалға келгенде екеуі де қатардан шығып қалды. Бұл жерде қытай­лық спортшы ұшқырлығымен көзге түсті. Бастапқыда жапониялық Фудзимото Такахиро мен Сакадзуме Ресуке алдарына жан салмай келе жатты. Дәл сол кезде кореялық Ли Хо Сук жапониялық спорт­шы­лардың қатарына келе бергенде Сакадзуме байқамағандай болып Ли Хо Сукты басынан итеріп қалды. Бейшара корейлік спортшы жығылып түсті. Жапо­ния­лық спортшылар «бір мен екі біздікі» деп сенімді болды ма, қытайлық конь­ки­шінің қастарынан қалай зу ете қалғанын аң­ғармай қалды. Осылайша, соңғы сәтте мәре сызығын бірінші болып Лян Вэньхао кесті.