Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алда – аламан додалар

09 маусым 2011, 10:58

Жағажай волейболынан қазақстандық бір жұп (команда) дүйсенбі күні Италияда жалауы көтерілетін әлем чемпионатында бақ сынайды.
Қытай астанасындағы «Гранд шлем» додасында өнер көрсеткен Александр Дья­ченко және Алексей Сидоренко жұбы Ита­лияға оралып, бүкіләлемдік біріншілік ал­дындағы дайындықтарын пысықтауды қайта жалғады. Бапкерлері – Денис Ровкин.
Римде өтетін әлем чемпионатының ерлер арасындағы додасында 25 мемлекет­тің 48 жұбы табан тірескен додаға түспек. Біздің бір жұбымыздың осы 48 үздік дуэттің сапына ілігуінің өзі – үлкен жетістік.
Екі жылда бір рет өтетін әлем чемпио­натының өткізілу тәртібі бойынша барлық жұп 12 топқа бөлінген. Сонда әр топта – төрт командадан. Дьяченко – Сидоренко жұбы «Н» тобына түсті. Қарсыластары – бразилиялық (Bruno – Benjamin), гол­лан­диялық (Nummerdor – Schuil) және ис­паниялық (Mesa – Lario) жағажай волей­болшылары.
Топтық ойындар 13-16 маусым күн­дері өтеді. Ал әлем чемпиондары мен жүл­дегерлері 19 маусым күні анық­талады.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы әлем чемпионатына Қазақстаннан Александр Дьяченко және Алексей Кулинич жұбы қатысқан болатын.
Енді бір ескере кетерлігі, қыздар ара­сындағы Бақтыгүл Самаликова мен Любовь Богату жұбы, сондай-ақ Сергей Цыкунов пен Алексей Орлов және Владислав Пустынников пен Сергей Богату сынды боз­балаларымыз 22-26 маусым күндері Хор­ватияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.