Алексей Луценко жекелей сында ТОП-30 қатарына ене алмады

28 шілде 2021, 15:09

Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті. 

 Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған. 

Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.