Спорт

Әлем чемпионы атанған қыз Ресейге не себепті кетті?

  • Фото: instagram.com/arinapantova

    Фото: instagram.com/arinapantova

Қазақстандық құрамамен әлем чемпионы атанған 19 жастағы биатлоншы Арина Пантова бір жарым жыл бұрын отбасымен Ресейге көшіп кеткен. Ол не үшін азаматтығын ауыстырғанын, Қазақстанда қалмау себебін және алдағы жоспары жайлы News.ru-ға берген сұқбатында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.


Арина 1999 жылы Павлодар қаласында спортшылардың отбасында дүниеге келген.


2016 жылы биатлоншы қазақстандық команда құрамында жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған.


Сондай-ақ, Лиллехаммерде өткен жастар арасындағы олимпиаданың жүлдегері атанды.



Бірнеше жыл бұрын Аринаның жанұясы Ресейге көшу туралы шешімге келіпті.


Биатлоннан Қазақстан құрамасының экс-бапкері, қыздың әкесіне түмендік биатлоншылармен жұмыс істеу туралы ұсыныс түскен.



Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында еліне жылы көзқараспен қарайтынын, түмендік командаға "ақша үшін" қосылмағанын жазған.


Ресей азаматтағын алу үшін Аринаның бір жарым жыл уақыты кетіпті.



Ол қазақстандық тараптан ешқандай мәселе болмағанын айта кетті.


"Жалғыз мәселе: бір құжатты жарты жыл күтуге тура келді. Бұл барлық процестерді тоқтатып қойды. Бір жағынан бұл заңдылық", - деді ол.

Ресейге оның анасы мен әкесі көшіп кеткен.


Ал Қазақстанда оның үлгі тұтатын ағасы қалыпты.



"Ағам Қазақстанда жаттығады. Болашақта Ресейге көшу-көшпеуін өзі шешеді", - деді биатлоншы.

Арина болашаққа үлкен жоспарлар қойған.


Бұл маусымда Универсиадаға қатысуға талпынатынын жеткізді. Сондай-ақ, Ресей чемпионатына қатысуы мүмкін екендігін жасырмады.


 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.01.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30