Спорт

Әлем чемпионы әуежай қызметкерлеріне екі мәрте өзінің әйел екенін дәлелдеуге мәжбүр болды

  • © Caravan.kz

    © Caravan.kz

Ресейлік ауыр атлет Анна Тураева әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында екі мәрте өзінің әйел екенін дәлелдеу үшін қорлық көргенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

"Қайырлы кеш менің жақсыларым. Бүгін мен сіздермен кеше болған сұмдықпен бөліскім келеді.

 

 

Менің мінезім табанды және ештеңені шатастыруым мүмкін емес. Бірақ әр түрлі адамдар бар, олар да әртүрлі қабылдайды.

 

 

Кеше мен транзитпен Санкт-Петербургтен, Мәскеуге және Мәскеуден Краснодарға ұштым.

 

 

Бақылау-өткізу пунктінде олар менің төлқұжатымда жынысы әйел деп жазылған тұсына сілтеме жасай отырып, мені өткізуден бас тартты.

 

 

Мен қатты қорландым, кезекте тұрғанда интимдік сипаттағы сұрақтар қойды. Менің өмірде қандай адам екенім және төсектегі рөлім қызықтырады.

 

 

Сонымен бірге мен дөрекілікке жол бермей, жағдайды шешуге тырыстым. Кезекте тұрғандардың барлығы бұл масқараны бақылап тұрды, мен бұл жағдайда өзімді өте дәрменсіз сезіндім", деп жазды ол.

 

 

Ресейлік спортшы Анна Тураева алты дүркін әлем чемпионы,  пауэрлифтингтен Еуразияның абсолютті чемпионы болды. Пауэрлифтинг дәстүрлі түрде ерлерге арналған спорт түрі болып саналатындықтан,  ұзақ және күрделі жаттығулардың нәтижесінде Аннаның денесі еркекке тән  қасиеттерге, бұла күшке ие болды.




Көрілген: 1860    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31