Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлем чемпионы да бар: жеті қазақстандық спортшы допингпен ұсталды

15 маусым 2023, 23:03

Жеті қазақстандық спортшының допинг-бақылаудағы сынамасы оң нәтиже берді. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

"2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан ағымдағы жылдың 17 сәуірінде қабылданған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Оң нәтиже келесі спортшыларда табылды: Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлы. 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Халықаралық тестілеу агенттігінен (ITA) Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спортшысы Артем Антроповтың допинг-сынамасының оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Сынама 12 мамырда Кореяда өткен Азия чемпионатынан кейін алынды. Бүгінгі күні спортшылар допингке қарсы ережелерді бұзу туралы хабарлама алды. Олардың әрқайсысы бойынша соңғы шешім толық тергеуден кейін қабылданады. Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілді. Федерация допингке "мүлдем төзбеушілік" саясатын ұстана отырып, оқиғаны тәуелсіз тексеру үшін комиссия құрды, оның құрамына Қазақстан Республикасы мен өңірлердің ҚР ААФ өкілдері кірді. 

Тергеудің осы кезеңінде екі негізгі нұсқа қарастырылады: ластанған спорттық тағамдарды абайсызда пайдалану және спортшылардың допингті қасақана қолдануы. Тексеру үшін спортшылар дайындық кезеңінде қабылдаған спорттық тағамдар мен витаминдердің үлгілері алынды. Сондай-ақ, "Б" үлгілерін қайта сараптамаға ашу жоспарлануда. Федерация тергеуден басқа келесі шараларды қабылдады: уәкілетті органға ерлер мен әйелдер құрама командаларының бас жаттықтырушыларын қызметінен босату туралы өтініштер жолданды; Допингке қарсы жұмыстарға баса назар аудара отырып, Федерацияның жаңа ұйымдық құрылымы кеңейтілді және бекітілді; Федерацияның жаңа Бас хатшысы тағайындалды", - делінген хабарламада. Допингпен ұсталған спортшылардың барлығы дерлік әлемдік жарыстардан жүлде алған. Арли Чонтей 2021 жылы әлем чемпионы атанса, Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатынан күміс медаль еншілеп, Азия чемпионатында топ жарған. Артем Антропов жастар арасындағы әлем чемпионы, ал Алексей Чуркин ересектер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 

KAZ.NUR.KZ.