Әлемдегі ең ірі спорт оқиғасы. Тайсон мен Энтони арасындағы супер жекпе-жек уақыты белгілі

17 мамыр 2021, 12:48

Суперауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) осы дивизионда WBA, WBO, IBF и IBO титулдарына ие отандасы Энтони Джошуамен (24-1, 22 КО) жұдырықтасатынын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Британиялық боксшы Instagram желісінде бұл айқастың нақты 14 тамыз Сауд Арабиясында өтетін мәлімдеді.

 

"Жалпы шолу. Фьюри - Джошуа 14 тамыз Сауд Арабиясы. Бар назарды әлемдегі ең ірі спорт оқиғасына бұрыңыздар", - деп жазыпты Тайсон.

 

"Тағатсызданып отырмын, Энтони Джошуаны сабайтын сәтімді асыға күтемін. Бұл ғаламат спорт оқиғасы болады", - деп қосып өтті ол видеосында.