Әлиев Олимпиадада наразылық білдіріп, бір сағат бойы рингтен кетпей қойды

01 тамыз 2021, 13:24

Боксшы қарсыласын басымен бір ұрғаны үшін жекпе-жектен шеттетілген, ол төрешінің бұл шешіміне наразылық білдірді. Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Франция боксшысы Мурад Әлиев жекпе-жекте жеңілгенімен келіспей, бір сағат бойы рингтен кетпей қойған.

Боксшы Мурад Әлиев Мәскеуде туған, бірақ алты жасында отбасымен Францияға көшіп кеткен. Ол аса ауыр салмақ дәрежесінде ширек финалда британиялық Фрейзер Кларкпен жұдырықтасты.

Екінші раундта төреші Әлиевті жекпе-жектен шеттетті. Өйткені боксшы қарсыласын әдейі басымен ұрды деп шешкен.

 


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/sport/20210801/17741150/Boksshy-Olimpiadada-narazylyk.html