Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды

10 ақпан 2021, 12:10

Әлия Юсупова Қазақстанның көркем гимнастика командасының бас бапкері болатын. Спортшы 2004 және 2008 жылдары Олимпиада ойындарына қатысқан. Афины мен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Әлия Юсупова Қазақстанның гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Бұл жөнінде республиканың Ұлттық олимпиада комитетінің сайты хабарлады.

Белгілі болғандай, басшыны сайлау федерацияның есепті конференциясы кезінде өткен. Бұған дейін федерация басшысының қызметін Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова атқарып келді. Айта кету керек, Шаяхметова он жыл бойы &ndash 2011 жылдан бері осы қызметте болды.

Юсупова жаңа қызмет ол үшін күтпеген жағдай болғанын және бұл жаңа сынақ екенін атап өтті.

"Мен команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін. Себебі, менің жаңа қызметім қоғамдық қызмет болып табылады. Менің тәжірибем, білімім мен күш-қуатым, сондай-ақ, федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс алда тұрған көптеген міндеттерді шешуге ықпал теді", &ndash деді 36 жастағы Юсупова.
Әлия Юсупова Қазақстанның көркем гимнастика командасының бас бапкері қызметін атқаруда. Ол еңбек сіңірген спорт шебері, Афины (2004) мен Бейжіңдегі (2008) Олимпиада ойындарына қатысушы және Қазақстан мен Азияның, сондай-ақ, Азия ойындарының чемпионы.