Спорт

Алматы ақ Олимпиаданы өткізу үшін 7-8 миллиард доллар жұмсайды

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау үшін Қазақстан шамамен 7-8 миллиард долларға шығындалады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов айтты, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Өткен аптада оңтүстікастанамыздың Олимпиада ойындарына деген дайындығын Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың өзі келіп тексеріп кетті. Бах мырза «Медеу» мұзайындында, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешенінде және «Шымбұлақ» таулы курортында болып қайтты. Қазақстанға сапары барысында ол еліміздің ақ Олимпиаданы қабылдауға мүмкіндігі жоғары екенін айтты.
Томас Бахтың Қазақстан туралы жылы пікірі қазақстандық шенеуніктердің 2022 жылғы ақ Олимпиада елімізде өтеді деген сенімдерін тағы арттыра түскен секілді. Өйткені, президенттің бұл сапарынан кейін қазақстандық шенеуніктер қысқы ойындарды қабылдау үшін еліміз қанша шығындалатынын есептеп оны жариялап үлгерді. Ал, бұған дейін мұндай ақпарат шеті де шықпаған еді.
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов қазақстандық порталдардың біріне берген сұхбатында 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдау үшін Қазақстан қанша шығындалатынын айтты. Оның айтуына қарағанда, бұл бәсекені қабылдау үшін Қазақстан шамамен 7-8 миллиард долларға шығындалады екен. Әрине, ол бұған 2017 жылғы қысқы Универсиадаға кеткен қаржыны қосып отырған жоқ.

Десек те, бұл көрсеткіш алдағы уақытта өсіп кетуі мүмкін. Егер де, Алматы Олимпиада ойындарын қабылдау құқығын ұтып алатын болса, онда қосымша шығындар да қосылатыны белгілі. Олардың қатарында Универсиададан қалған ғимараттарды қайта тексеру, қосымша қонақ үйлер салу және ең бастысы Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелерін жоғары деңгейде күтіп алу.
Әрине, егер Олимпиада Алматыда өтетін болса ХОК мүшелері елімізге өз қаржыларымен келмейді. Олар бұл жағдайды алдын-ала ойластырып қойған. Жуырда Норвегияның бір спорт порталы мұндай жағдайдағы ХОК-тың талаптарын жария етті. Ол талаптарды көріп жағасын ұстамаған жанкүйер аз шығар.
ХОК-тың Олимпиаданы қабылдайтын елдерге қойған талаптарының ішінде ұйымның әрбір мүшесіне жеке көлік, «Samsung» компаниясының бір ұялы телефоны және әрбіріне жеке бөлме деген шарттары бар.
Одан бөлек дайындық барысында ұсақ-түйек дүниелердің де шығатыны жасырын емес. Осы жайттарды есеретін болсақ, Алматының ақ Олимпиада үшін шығыны 7-8 миллард доллар емес, кем дегенде 10 миллиардқа жетіп қалуы әбден мүмкін.
Дегенмен, біздің шенеуніктердің уақыттың алдына түсіп жүгіргені құптайтын жайт емес. Әліптің артын баққандары дұрыс. Өйткені, Алматы әлі де Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алған жоқ. 2022 жылғы Олимпиада қай елде өтетінін ХОК сегіз айдан кейін жариялайтын болады. Бұл доданы өткізу үшін Қазақстан мен Қытай таласып жатқанын ұмытпайық.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1415    Пікірлер: 2

жұма, 24.10.2014, 11:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31