"Алматы марафонда" жаңа рекорд тіркелді

26 қыркүйек 2022, 16:29

"Алматы марафонда" жаңа рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы шара ұйымдастырушылары Instagram-парақшаларында хабарлады. 

"Достар, жаңа рекорд. Шедрак Коеч Алматы марафонында 42 шақырымда жаңа жол рекордын орнатты: 02:21:27. Жаңа рекорд үшін, жеңімпаз 100 000 теңге көлемінде бонустық ақшалай сыйлық алды. Біз барлық мәрешілерді құттықтаймыз, жеңімпазды жаңа жол рекордымен, ал сіздерге қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, кеше, 25 қыркүйекте Алматыда "Алматы марафон" өткен болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолы марафонға 12 мың адам қатысқан.