Спорт

Алматыда балаларға шаңғымен сырғанауды тегін үйретеді

  • Алматыда балаларға шаңғымен сырғанауды тегін үйретеді

    Алматыда балаларға шаңғымен сырғанауды тегін үйретеді

Алматыда балаларға тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Алматы спорты» әлеуметтік жобасы аясында тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрету үшін 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқыту 2-31 желтоқсан аралығында өтеді.

«Әр балаға кәсіби нұсқаушылар төрт сабақтан өткізеді. Сабақ екі ауысымда, 60 минут бойы жүреді. Бірінші ауысымның сабағы - сағат 8:00-де, екіншісі - сағат 14:00-де басталады. Ұйымдастырушылар тарапынан шаңғы курортына дейін апаратын көлік және қажетті заттар (шаңғы, таяқтар, бәтеңке, шлемдер) ұсынылады» делінген әкімдік хабарламасында.

Тіркеу Бөгенбай батыр, 66 мекенжайында, almatysporty.kz сайтында немесе info@arnage.kz электронды поштасы және +7 (707) 245 7255 WhatsApp нөмірі арқылы жүргізіледі.

Құжаттар тізімі:

- ата-аналардың жеке куәлігінің және баланың туы туралы куәлігінің көшірмелері (2 көшірмеден);

- отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы (болса) анықтамалар, құжаттар (көпбалалы, аз қамтылған);

- нақты тұратын мекенжайы, байланыс телефоны;

- баланың мектепке қай ауысымда баратынын көрсету қажет.




Көрілген: 190    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 19:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31