Спорт

Алматылық қыз әуеде ұшып бара жатқан ұшақтың қанатынан жүріп өтті (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматылық Бекзат Мұқанова wing walking жасаған алғашқы қазақстандық. Ол әуеде ұшып бара жатқанда ұшақтың кабинасынан шығып, лайнердің қанатынан жүріп өтті, деп хабарлады baq.kz.


«МИР 24» телеарнасына берген сұхбатында ол бұндай экстремалдық әрекетке америкалық бизнесмен Илон Маск шабыттандырғанын айтты. Бұған дейін бизнесмен осындай экстремалдық трюк жасаған болатын. АҚШ-та осындай экстримге үйрететін арнайы академиялар бар. Жыл бойы Мұқанова Штаттарға бару үшін ақша жинаған. Ұшуға дайындалу үшін бойжеткен көп уақыт бойы дайындалған көрінеді.


«Академияға жету квест сияқты болды. Сиэтлдан кемеге отыру керек, кейін автобусқа мініп, әрі қарай таксимен жетесің. 4 сағаттың ішінде Сквим қалашығында боласың», - деді Бекзат


Бекзаттың айтуынша, оның ата-анасы бұндай экстремалдық әрекетке барудан бас тартуға көндірмек болған.


«Олар менің басыма бір ой келсе, оның түбіне жетпей қоймайтынымды біледі. Сосын ақыр соңында маған қолдау көрсетулеріне тура келді. Олар менімен бірге барып, оқуым аяқталғанша сонда болды», - деп атап өтті бойжеткен.


Бұл қазақстандық альпинист қыздың алғашқы экстремалдық серуені емес. Ол былтыр альпинисттер мектебін бітіріп, Эльбруске көтерілген болатын.


 




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 17:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30