Спорт

«Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілмек

  • «Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілмек

    «Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілмек

Биыл Азия чемпионы атанған шығысқазақстандық «Алтай» волейбол клубының ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі, деп хабарлайды Рrosports.kz.

 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Алтай» волейболшыларымен кездесу өткізіп, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын клубтық Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

«Алты жыл бұрын біз осы клубты құрдық. Волейболшыларымыздың мұндай мықты нәтижелерге қол жеткізе алатындығына көбінің күдікпен қарағаны рас. Бірақ бүгінде олар мүмкін емес ештеңе жоқтығын дәлелдеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мәдениет және спорт министріне «Алтай» ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беруді тапсырды», - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, қазір клубтың басты мақсаты – Қазақстан чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, 2024 жылы Олимпиада ойындарына дайындалу және әлемнің ең үздік клубтарының үштігіне кіру.

«Бастысы – алдыға асқақ мақсаттар қоюдан жасқанбай, керісінше оған жетудің жолдарын қарастырудан тайынбау қажет. Команданың күшейіп жатқаны қуантады. Ал екінші «Алтай» командасы да қазақстандық жарыстарда өз өнерлерін көрсетуге сақадай сай. Сондай-ақ Семей қаласында тағы бір клуб ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Өйткені волейбол өте танымал және көптеген азаматтардың қызығып көретін спорт түрі», - деді Даниал Ахметов.




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 05:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31