Спорт

"Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ" - GGG командасы

  • "Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ" - GGG командасы

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасының өкілі Жанар Өтешова мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Мынаны анықтап алу керек: бүгінде ресми мәлімдеме жоқ. Мен олардың (Альварес командасы - авт. түсіндірмесі) үшінші жекпе-жек туралы айтқаны не жазғанына сенбеймін. Олардың екі жекпе-жек алдында айтқан бос сөздеріне үйренетін кез келді?!", - деді Өтешова Instagram желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, мексикалық боксшының командасы Головкинді масқара етуді мақсат еткен. "Қысқа ғана жауап қайтарар болсақ: Мен үшінші жекпе-жек туралы не айтып не жазса да сенбес едім. Себебі оның барлығынын сол тарап жазып шығарып жүр", - деді ол. Айта кетейік, Головкин - Альварес арасындағы екі кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең аяқталды, ал 12 айдан соң кездесуде төрешілердің көпшілігінің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Головкин барлық белбеуінен айырылып қалған еді.  




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30