Америкалық файтер қазақы тымақты қайдан алғаны айтылды

16 маусым 2022, 19:02

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Брендан Алленнің көз арбасуға тымақ киіп шыққанына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтее жасап.

UFC 275 турнирінде Аллен аустралиялық Джейкоб Малкунды төрешілер шешімімен жеңді.

 

"Кейінгі айқасымнан кейін Брендан тымағымды оған беруін сұрады. Мен айттым: "Айып етпе, ол менікі, бірақ, келесі жолы мен саған Қазақстаннан өзгесін алып келемін". Апарып бердім. Ол жақсы жігіт. Екеуміз доспыз", - деп береді Рахмоновтың сөзін "MMA RUSSIA" телеграм арнасы.