Спорт

Араб клубына барады: Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаннан кейін қайда ойнайтыны айтылды

  • Араб клубына барады: Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаннан кейін қайда ойнайтыны айтылды

    Араб клубына барады: Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаннан кейін қайда ойнайтыны айтылды

Әлемдегі ең әдемі волейболшылардың бірі Сабина Алтынбекова БАӘ-дегі "Аль-Васл" клубында спорттық мансабын қайта бастайды.

Liter.kz басылымының ақпарат көздеріне сүйенсек, спортшы іс жүзінде араб клубына оралуға келісім берген.

 
Алтынбекова өзінің Instagram-дағы парақшасында араб клубына қайтып оралуы туралы айтқандай болды. 

Ол Аль-Васлда бірге ойнаған мексикалық Джоселин Уриас Кастромен түскен суретін жариялады. Джоселин Уриас Кастро Дубай командасынан Испаниялық клубқа кеткен еді.

«Егер өмірде ұтылушылар болса, онда бақытты адамдар бар. Егер әлсіздер болса, мықтылар болуы керек. Барлығы адамның қалауымен, мақсатқа деген ұмтылысымен, оның мінезімен анықталады. Ал мінез - негізімі. Жеке тұлға өмірде мінезсіз ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес», - деп қазақстандық волейболшы.

Алтынбекова Дубай командасында 2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2020 жылдың маусымына дейін ойнады. Содан кейін ол италиялық «Касертаға» ауысты, бірақ команданың қаржылық мәселелеріне байланысты дебют жасай алмады.

Содан кейін пандемия басталды, ал қазақ волейболшысы командасыз қалды. Желтоқсан айының соңында Сабина Алтынбекова Саят Салманұлына тұрмысқа шықты. Бұл оның көптеген жанкүйері үшін тосын жаңалық болды. Сабина Алтынбекова мен жолдасы тойын шағын адаммен атап өтті.

Сонымен бірге, спортшы өзінің спорттық мансабын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28