Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Арғымақ мініп, алысып...

17 қаңтар 2011, 16:31

Таразда ұлттық ат спорты ойындарынан еліміздің кезекті тоғызыншы чемпионаты аяқталды.
Жарысты өткізуге мұрындық болған ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мамандары биылғы сынға төл өнеріміз кенже қалып келе жатқан об­лыстардың өз командаларын жіберген­де­ріне қуанышты. Бұған дейін қыз қуу, ау­дарыспақ секілді ат ойындары түрлеріне санаулы командалар қатысып жүрсе, би­ыл олардың саны біршама артқан. Әсіресе, көкпарға қызығушылық танытушылардың саны қарқынды түрде көбейіп келеді. Бір аптаға созылған бәсекелер нәтижесінде аударыспақтан өз салмақ дәрежелерінде Сырым Ізбасаров, Мұхтар Сейітбеков жә­не Ерғали Бекбасаров сынды білекті жі­гіттер ел чемпионы атанды. Қыз қууда Қос­танайдан келген ағайынды Жансая және Бақдәулет Асановтар бірінші орынға ие болды. Ал жанкүйер қауымның деле­бесін қоздырып, тартысты өткен көкпарда тараздықтар өздерінің байырғы қарсылас­тары – оңтүстікқазақстандық көкпаршы­лар­ды 4:2 есебімен қапы қалдырып кетті.