Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Арландардың» айқын жеңісі

27 қараша 2012, 11:10

WSB додасының аясында екінші жекпе-жек кешін өткізген қазақтың «Астана арландары» бұл жолы да қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ. Елорда төрінде АҚШ-тың «Нокаутшыларын» қабылдаған жерлес­теріміз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
«Астана арландары» (Қазақстан) – «Нокаутшылар» (АҚШ)
50-54 келі:
Бағдат Әлімбеков – Джо Перес (АҚШ) — 3:0 (30:27, 30:37, 30:27)
57-61 келі:
Самат Бәшенов (Қазақстан) – Анвар Юнусов (Тәжікстан) — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)
80-85 келі:
Хрвое Сеп (Хорватия) – Марко Калич (Хорватия) — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)
91+ келі:
Руслан Мырсатаев – Иштван Бернат (Венгрия) — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)
Көрсетілім жұдырықтасу (68-73 келі)
Мирас Байырханов – Кларенс Джозеф (АҚШ) — 0:3 (47:48, 47:48, 47:48)
Өкінішке қарай, Мирас Байырханов қана жеңіліп қалды. Рас, салмақ өлшеу рәсі­мін­де АҚШ боксшысының салмағы ар­тық болып кеткендіктен, жеңіс «арландар­ға» берілген. Яғни бұл жұдырықтасудың нәтижесі жекпе-жек кешінің қорытынды­сына еш әсер еткен жоқ. Дегенмен көрсе­тілім айқасы болса да, қазақ боксшысының жеңіліп қалғаны жанымызға батты. Ал өзге айқастардың барлығы да «арландардың» сенімді жеңісімен аяқталды. Тіпті ең жеңіл салмақтағы Бағдат Әлімбековтің толассыз соққыларынан кейін қарсыласының қаба­ғы жарылып, жұдырықтасу үшінші раунд­тан соң тоқтатылды.
Сергей Корчинчский, «Астана арландары» командасының бас бапкері:
— Жалпы, жекпе-жек барысына көңі­лім толды. Бізге сенімділік үшін осындай жеңістер өте қажет еді. Ал Мирас қарсы­ласымен тең дәрежеде айқасып, жұды­рық­тасу тағдыры соңғы раундта шешілді. Меніңше, Мирас айқасты дұрыс жүргіз­беген секілді. Жекпе-жек барысында қар­сы­ласының мәнеріне бой үйретіп, қарсы амал қолдана алмады. Енді жел­тоқ­санның 7-сінде Ұлыбританияның «Арыс­тан жүректілерін» қабылдаймыз. Бұл бұдан да қиын кеш болады. Өйткені британдықтардың сапында әлем, Еуропа біріншіліктерінің және Олимпиада ойын­дарының дүлдүлдері бар.