Спорт

Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды

  • Арман Оспанов. Фото: ACA

    Арман Оспанов. Фото: ACA

Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды. Бұл туралы спортшының өзі "Ontustik TV" бағдарламасында айтты.

 

Арман өткен жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста (Невада штаты) аты аңызға айналған файтер Рэнди Кутюр негізін қалаған әйгілі Xtreme Couture MMA спортзалында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Желтоқсан айының соңында Оспанов Қазақстанға оралды.

 

Арман Оспановтың командасы UFC-мен келіссөзді осы жылдың көктемінде бастаған, әрі жыл соңына қарай келіссөзді барынша белсенді жүргізді. Көп ұзамай отандасымыз америкалық промоушенмен келісімшарт жасасып, АҚШ-та өнер көрсетуі мүмкін.

 

Айта кетейік, "Сұңқар" сегізбұрышқа соңғы рет 2020 жылы наурызда, ACA 105 турнирі аясында шықты. Алматыда өткен кеште ол ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

 

 

kaz.vesti.kz

 

 




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 03:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28