Арман Оспанов француз нокаутшымен жекпе-жекке шығады

12 қаңтар 2022, 11:24

Қазақстандық ММА шебері Арман Оспанов (11-4) Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) Eagle FC 44 турниріне қатысады, деп жазады "Вестник ММА" инстаграм парақшасы.

 

Жерлесіміздің октагондағы келесі қарсыласы француз Дилан Салвадор (4-1) атанбақ. Қос файтер де соңғы айқастарында жеңілістің кермек дәмін татқандығын айта кеткен жөн.

 

"Сұңқар" мен Сальвадордың жекпе-жегі қаңтар айының 29 жұлдызына жоспарланған.

 

Еске салайық, бұл күндері мұхиттың ар жағында жаттығу жасап жүрген Оспанов әлеуметтік желіде елдегі жағдайға байланысты халықты сабырға шақырған болатын.

 

 

 

kaz.vesti.kz