Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді
Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездеседі.
Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов ресейлік танымал спортшы Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ACB компаниясы өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.
ACB 90 турнирі 10 қарашада Мәскеуде өтеді деп жоспарланған.
2017 жылғы желтоқсанда 28 жастағы Оспанов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Алексей Полпудниковке жол берді.
Биылғы жылдың мамыр айында Оспанов Ресейдің (25-10) файтері Акоп Степанянмен жекпе-жек өткізуі керек болған. Өкінішке орай, оның қарсыласы жекпе-жек басталмастан бір сағат бұрын алынып тасталды.
Осы жылдың сәуір айында Расул Алматыда өткен Fight Nights 86 турнирінде ADCC ережелеріне сәйкес қазақстандық файтер Ержан Естановпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Мирзаев ұпай бойынша жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, бұрын Мирзаев Естановпен екі рет кездесіп, екеуінде де ресейлік жеңіске жетті.