Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әріптеске тағзым

14 сәуір 2011, 11:26

Жақында Жетісу өңірінде 2008 жылдың қазан айында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қаржы полициясының майоры Аймұхамбет Жұмабековті еске алу турнирі өтті.
Алматы облысы Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясымен) сәуірдің бірінші жартысында облыстық құқық қорғау органдары арасында кешенді жарыс өткізді. А.Жұмабековтің қазасы қыз­­меттестеріне және отбасына орны толмас қайғы болған. Аймұхамбет Баймол­данұлының артында Ажар, Қуа­ныш, және Жарқын есімді үш баласы қал­ған. Турнирдің ашылу салтанатына А.Жұ­ма­бековтің анасы, жары, туыстары және жос-жарандары шақырылды.
Спорттық шараға сегіз команда қатысты: облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы облысының соты, Әділет департаменті, ЭСЖКД, «Күзет» арнайы қорғау қызметінің басқармасы.
Футзал додасында Алматы облысы Төтенше жағдай департаменті бірінші орын алып, екінші орын Алматы облы­сының сот құрамасына, ал үшінші орын Алматы облысы ІІД бұйырды. Жұмабеков­тің отбасы (жары – М.Әбішева, қызы – Ажар) турнирдің «үздік қақпашысына», «үздік шабуылшысына» 50 000 теңгеден сыйақы тағайындап, осы номинацияларды үздік шыққандарға табыс етті. Ал Алматы облыстық құқық қорғау және сот орган­дары А.Жұмабековтің қызына ноутбук сый­лады.
Бильярд додасында Алматы облысы прокуратурасының қызметкері жеңіске жетті.