Спорт

Артаев иілсе, Айсұлу кешіруге дайын

  • Артаев иілсе, Айсұлу кешіруге дайын

    Артаев иілсе, Айсұлу кешіруге дайын

Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаевты Айсұлу Ыбрашева кешіруге дайын. Бірақ ол үшін Артаев қыздың алдына келіп, жұртшылықтың көзінше кешірім сұрауы керек, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


Даудың басы

«Алаш айнасы» газетінде бұған дейін жариялағанымыздай бұл даулы оқиға 29 маусым күні болған. Астана қаласының Ішкі істер департаментіне Айсұлу Ыбрашева есімді азаматша келіп, 28 маусымнан 29 маусымға ауысқан түні елордадағы түнгі клубтардың бірінде бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев оны соққыға жықты деп арыз жазған.

Бірақ, арыз жазушы азаматша өзінің шағымында – «Біз құрбым екеуміз «Fashion» деген клубқа көңіл көтеру үшін келдік. Мұндай жағдайдың боларын мүлде ойламадық та. Жаман ойға жетелейтіндей киінген жоқпыз. Мас та емеспіз. Ешкімге кедергі жасамай-ақ, шеткері жерде билеп жүргенбіз. Бір кезде қасымнан өтіп бара жатқан ер азамат мені құйрықтан тартып жіберді. Не болды деп жалт бұрылып қарағанымда, бір жігіт кешір деді. Құрбым «бұл бокстан олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қой, мен оны білемін, ол мұнда жиі болады» деді. Мен шағымданамын деп айтқаным сол еді жұдырық жағыма келіп тиді. Оның қасындағы жігіт мені ұстап қалды, ал сол кезде Артаев қашып кетті. Күзетшілер, айналадағылар үнсіз қарап тұрды», – деп жазған.

Ал, 8 шілде күні тілшілермен жолыққан Артаев – «Мен ол күні «Кувшин» мейрамханасында болдым. Негізі мен ол жаққа көп бара бермеймін. Бірінші рет «Астана» Президенттік клубының таныстырылым рәсімінде болдым. Екінші рет оқиға болған күні достарыммен болдым», - деп айтты.

Байқасаңыз, зардап шегуші мен айыпталушының әңгімесі екі түрлі. Бірақ, мұны түсіндіріп, анығын ешкім айтқан жоқ әлі.

Сот-медициналық сараптамасының нәтижелері белгілі

Күні кеше ғана Айсұлу Ыбрашова мен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған төтенше оқиға бойынша сот-медициналық сараптамасының нәтижелері де белгілі болды. Ыбрашованың айтуынша, құжатқа сәйкес, сот-медициналық сараптамасы барысында мынадай дене жарақаттары анықталды: сол жақ иектің төменгі тұсындағы қанталау. Бұл жарақат қатты доғал заттың әсерінен болған, дене жарақаты "денсаулыққа келген жеңіл нұқсан" деп бағаланып отыр.

Айсұлу Ыбрашева Артаевты кешіруге дайын

Бұл даулы оқиғаны ушықтырған Астаналық ару Бақтияр Артаевты кешіріп, мәмілеге келуге де дайын екен. Бірақ, ол үшін Олимпиада ойындарының чемпионы қыздың алдына келіп, жұртшылықтың көзінше кешірім сұрауы керек.

«Ол менің алдыма келіп, ресми түрде жұртшылықтың көзінше кешірім сұрасын. Қазір барлығы алаяқ, аферист деп менің атыма кір келтіріп жатыр. Тіпті мұны Артаевтың әйелі де айтқан. Сондықтан да Бақтияр менің кешірімімді алғысы келсе, БАҚ өкілдерін жинап, кешірім сұрасын», - дейді Ыбрашева.

Артаев ешкімнің алдында ақталмайды

Бақтияр Артаев бұл іске қатысты тілшілерді жинап түсініктеме берді. Жиын барысында Артаев қызға қол жұмсамағанын айтты. Сонымен бірге, ол қыздың әлдекімнің тапсырмасы бойынша әрекет етуі мүмкін екенін топшылайды. Боксшы бүгін Лондонға оқуға кетуі керек болған, бірақ осы оқиғаға байланысты кідірген.

"Би алаңында досыммен бірге тар жолмен өтіп бара жатқанмын, кейін айқай естідім де артқа бұрылдым. Кімнің айқайлағанын түсінбедім. Қарасам, досым қызды ұстап тұр, ол айқайлап, біреуді ұрғысы келіп жатыр. Ол мені таныды. Досым қызды сабырға шақырды. Ол қызды босатқан кезде, қыз келіп, мені ішімнен бір тепті. Мен ол туралы айтқым келмеген, бірақ қазір сараптамадан өттім, көзімнің астына дақ түскен. Оны аяғынан ұстап үлгердім, қолынан ұстамадым. Содан кейін оны итеріп жіберіп, кетіп қалдым. Оның ілік іздеп тұрғанын түсіндім де, бірден кетіп қалдым. Ол мас болды", - деді Артаев.

"Менің әйелім оны теледидардан көрген кезде, бірден ол алаяқ қой деді. Бәлкім, бұл көре алмаушылықтан жасалған шығар. Бір жарым апта бұрын ештеңе болмаса да, шудың шыққаны белгілі. Мен ешкімнің алдында өзімді ақтауға тырыспаймын, бірақ бұл жағдайды түсіне алар емеспін. Бірнәрсені айтқым келеді, Айсұлу Ыбрашованы қолдайтын адамдар болуы мүмкін. Ештеңе болмаса, ол неге бұлай дейді? Менің білуімше, ол "Самұрық-Энерго" компаниясында хатшы-референт болып жұмыс істейді. Әңгімелескен кезде ол Серік Оспанов, Өмірзақ Шөкеев есімдерін атады, бірақ олардың болған жағдайға мүлдем қатысы жоқ. ", - деп түсіндірді спортшы.

Серік Сәпиев Артаевты қолдайды

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Артаевтың басындағы жағдайға араша түсіп, оқиғаның арандатушылық екенін айтты. "Мен Бақтиярды өте жақсы білемін. Ол - байсалды, сабырлы адам. Біз талай жарысты, жиынды бірге өткіздік, ешқашан одан бұзақылықты байқаған емеспін. Ол Олимпиада чемпионы емес, қарапайым адам болғанда мұндай шу болмас па еді деп ойлаймын. Әлгі қыз өзін көрсеткісі келіп жүрген шығар, сол себепті әрнәрсені ілік етіп отыр. Құқық қорғау органдары, біздің тергеушілеріміз мейлінше кәсіби адамдар деп ойлаймын, олар ненің өтірік, ненің шын екенін анықтайтын болады", - деді Сәпиев.


Түйін

Бақтияр Артаевтың қорғаушысы Жарқынбек Жұмыровтың қылмыстық іс 2 маусым күні қозғалды, бірақ бұл - Артаевтың кінәсі бар деген сөз емес деп отыр. "Қазір тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, куәгерлер Артаевтың дене жарақатын келтіргенін көрмеген", - деді ол. Оның айтуынша, түнгі клубта бейнекамералар болған, бірақ олар жұмыс істемейді.

Ал біздің қолымыздағы мәліметтер бойынша қылмыстық іс бір ай тексеріліп, шілде айының соңында қорытындысы шығады екен. Оған дейін Артаев Қазақстаннан кетпеуі керек.

Әрине, біз Артаевты аруды ұрды дегенге сенгіміз келмейді. Бірақ, бұл іске шикілік өте көп және ол толық ашылмай отыр. Бақтиярдың өзі айтқандай, бұл жерде Айсұлуды қолдайтын адамдар да болуы мүмкін ..

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1801    Пікірлер: 3

бейсенбі, 10.07.2014, 14:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30