Артем Резников айқасы алдында салмақ өлшеуде қарсыласынан ауыр болды

17 маусым 2022, 09:32

Қазақстандық ММА шебері Артем Резников (22-6) ACA 140 турнирінің алдында өткен салмақ өлшеу рәсімінде 650 грамм артық салмақ көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Соған қарамастан отандасымыз UFC промоушенінің экс-өкілі бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жекпе-жек өткізеді. Бұл айқас Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Алайда салмағының көптігіне байланысты Резников тапқан табысының 20 пайызын қарсыласын беруге мәжбүр. Рамостың салмағы 70,8 келіні көрсетті.

 

Жекпе-жек 17 маусым күні елорда уақытымен кешкі сағат 21:00 басталады. Отандасымыз кештің басты айқасына қатысатындықтан, оның қатысуымен болатын кездесуді түнгі сағат 02.00 шамасында тамашалай аласыздар.

 

Басты кард:

 

Артем Резников — Дави Рамос (70,8 келі)

Венер Галиев — Мухамед Коков (84,4 келі)

Абдул-Рахман Джанаев — Никола Дипчиков (84,4 келі)

Павел Гордеев — Лом-Али Нальгиев (70,8 келі)

Саламу Абдурахманов — Сиро Роригес (84,4 келі)

 

Жекпе-жектер:

 

Амирхан Гулиев — Олег Оленичев (93,4 келі)

Ахмед Мусакаев — Мурад Каламов (61,7 келі)

Гога Шаматава — Джосиель Сильва (57,2 келі)

Ибрагим Магомедов — Русимар Пальярес (84,4 келі)

Махарбек Каргинов — Уолтер Перейра (61,7 келі)

Артур Астахов — Леонардо Сильва (93,4 келі)

Бидзина Гавашелишвили — Рыскулбек Ибраимов (61,7 келі)

Илья Ходкевич — Витезслав Райнох (70,8 келі)

Селем Евлоев — Михаил Погодин (61,7 келі).