Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Астана» – алғашқы алтылықта

12 желтоқсан 2012, 11:02

Су добынан Алматының «Астанасы» ерлер арасындағы Ресей чемпионатының үшінші турына қатысып, тура екінші турдағыдай, екі рет жеңіске жетіп, бір ойында жеңілістің кермек дәмін татты.
Үшінші тур Ресей чемпионатының бі­рін­ші кезеңінің соңғы додасы еді. Осы тур­дан кейін көрші елдің ашық біріншілігіндегі 12 команда екіге бөлінеді. Алғашқы алты­лыққа ие болған үздіктер Ресей чемпио­натын екі айналымдық, «үйде және түзде» жүйесімен жалғастырады. Олар әуелі жартылай финалда додаға түсетін төрттікті анықтап, содан соң Ресей чемпионатының жүлделі орындарын сарапқа салады.
Ал 7-12 орындарды иеленгендер Ре­сей чемпионатын сол бұрынғысынша тур­ға бөліп өткізу үлгісімен жалғастырып, бес тур ойнайды. Маусым соңында осы топта үздік шығып, жетінші және сегізінші орын­дарды иеленген екі команда Ресей кубогы додасына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Яғни бұлар 2013 жылғы мамыр айының ортасында өтетін Ресей кубогының екі жолдамасына таласады.
Сонымен, үшінші турға тоқталатын бол­сақ, «Астана» Астрахань қаласында до­да­ға түскен топта өнер көрсетті. Әуелі жер­гілікті «Динамо» клубын 10:7 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін «КАИ-Олимп» (Қа­зан) командасын 14:6 есебімен ойсы­рата жеңді. Ал соңғы матчта азулы «Син­тез» (Қазан) клубынан 9:12 есебімен ұты­лып қалды.
Үшінші турда Рустам Укуманов мерген­дігімен көзге түсіп, үш ойында 10 гол соқ­ты. Ал «Астана» үш турда 11 ойын өткізіп, со­ның сегізінде жеңіске жетті. Бір ойында тең түсіп, екі рет ұтылып қалды. Сөйтіп, 17 ұпаймен Ресей чемпионатының бірінші ке­зеңінде үшінші орынға ие болды. «Астана­ның» алдында 20 ұпайдан жинаған – «Спар­так-Волгоград» пен «Синтез» ғана.
Жалпы, Ресей чемпионатының алғаш­қы алтылығына мына командалар ілікті: «Спартак-Волгоград», «Синтез» (Қазан), «Астана» (Қазақстан), «Штурм-2002», «Ди­намо-ЦСП» (Мәскеу) және «Динамо» (Астрахань).