«Астана» ФК экс-басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

17 қараша 2021, 10:30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі «Астана» футбол клубының қазіргі басшысының өтініші бойынша клубтың бұрынғы басшысына ақша жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Футболшылардың (легионерлердің) агенттеріне сыйақыларын төлеу арқылы ақша қаражатын алу туралы ақпарат тексеріледі. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», ˗ деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі.