Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Астана» жаңа маусымға дайын

13 желтоқсан 2012, 14:04

Халықаралық вело­си­пед­шілер қауымдастығы 2013 жылғы PRO-тур жарыстарына лицензия ал­ған 18 команданы атады. Арасында ел­ор­да­ның «Астанасы» да бар. Дегенмен ресейлік БАҚ өкілдерін тізімде «Катюшаның» болмағаны таңғалдыруда. «Велоспорт әлемінде биіктерден көрініп жүрген командамызға қа­лай­ша лицензия берілмеді?» – деп даурығып жүр.
Алдымен лицензия мәселесіне тоқта­лайық. Халықаралық велосипедшілер қа­уым­дастығы, яғни UCI келесі жылғы PRO-тур жарыстарына қатысу құқығына ие бол­ған 18 команданы атады. «Астана» клу­бы өткен маусымда-ақ 2013 жылғы ірі жа­рыстардың лицензиясына қол жеткізіп қой­ған болатын. Тек соны нақтылау ғана қал­ған еді. Қазақстандық команданың бар­лық құжатын түгел тексеріп шыққан Ха­лықаралық қауымдастық бүйректен сирақ шы­ғармады. «Астанамен» бірге, тағы сегіз ко­манданың өткен жылғы лицензиялары жарамды екендіктерін құптады. Ал AG2R La Mondiale, Euskaltel Euskadi, Rabobank, Garmin Sharp, Argos-Shimano, Saxo-Tinkoff клубтарына бір жылдан үш жылға дейінгі лицензиялық құжаттарды таратып берді. Сондай-ақ FDJ, Lotto Belisol, Radio-Shack Nissan командалары да бір жылдық лицензияларға ие болды.
Айта кетейік, UCI лицензиясына ие бол­ған командалар «Тур де Франс», «Джиро д’Италия», «Вуэльта» сынды ірі жарыс­тар­дың барлығына қатыса алады. Ал ли­цен­зияға қол жеткізе алмаған ұжымдар атал­мыш додалардың ұйымдастырушылары ар­найы шақырған жағдайда ғана жарысқа түсе алады.
Осыған байланысты Ресей баспасөз бет­терінде екі күннен бері шу басылар емес. Халықаралық велосипедшілер қа­уым­дастығының мейірімі түсерінен әлі де үмітті.
Ал «Астана» бүгін елорданың «Сары­арқа» велотрек кешенінде команданың жа­ңа құрамын көпшілікке таныстырмақ. Клуб­тың барлық мүшесі Астанаға келіп үлгеріпті.
Сонымен, жаңа маусымда «Аста­на­ның» құрамын 27 велошабандоз қор­ғай­ды. Оның 10-ы командаға жаңа қо­сылған. 27 ша­ба­н­доздың 8-і – қазақстандықтар. Ко­манданы жеті менеджер басқарады. «Джиро» жарысында көшбасшының міндетін Винченцо Нибали атқарса, «Тур де Франста» коб Фульсанг капитан болады. Ал «Вуэльтаға» Янец Брайкович ба­стап барады.

2013 жылғы PRO-тур жарыстарына ли­цен­зия алған командалар:
«Астана» (Қазақстан), BMC Racing (АҚШ), Cannondale (Италия), Lampre – Merida (Италия), Omega Pharma – Quick Step Cycling Team (Бельгия), ORICA Green­EDGE (Австралия), Sky Procycling (Ұлы­бри­тания), Vacansoleil-DCM Pro Cycling (Гол­ландия), Movistar (Испания), AG2R La Mon­diale (Франция), Euskaltel Euskadi (Ис­п­ания), Former Rabobank (Голландия), Gar­min Sharp (АҚШ), Argos–Shimano (Гол­лан­дия), Saxo – Tinkoff (Дания), FDJ (Франция), Lotto Belisol (Бельгия), RadioShackNissan (АҚШ).

«Астанада» бұрыннан бар шабандоздар:
Асан Базаев, Андрей Кашечкин, Андрей Зейц, Александр Дьяченко, Дмитрий Груздев (бәрі де — Қазақстан), Энрико Гаспаротто, Паоло Тиралонго, Франческо Гавацци, Якопо Гуарнери, Симоне Понци (бәрі де — Италия), Фредерик Кесьякофф (Швеция), Егор Силин (Ресей), Танел Кангерт (Эстония), Янец Брайкович, Борут Бозич (екеуі де — Словения), Кевин Зельдреерс (Бельгия), Андрей Гривко (Украина).
Бас менеджер – Александр Винокуров (Қазақстан)
Команданың менеджерлері:
Александр Шеффер, Дмитрий Седун, Дмитрий Фофонов (бәрі де – Қазақстан), Джузеппе Мартинелли мен Стефано Дзанини (екеуі де – Италия), Горазд Стангели (Словения), Яан Кирсипуу (Эстония).

«Астанадан» кеткен шабандоздар:
1.Александр Винокуров (Қазақстан) спорттық ғұмырын аяқтады.
2.Дмитрий Фофонов (Қазақстан) спорттық ғұмырын аяқтады.
3.Роман Кройцигер (Чехия) — «Team Saxo Bank-Tinkoff Bank».
4.Роберт Кисерловски (Хорватия) — «Radioshack — Nissan»).
5.Франческо Машьярелли (Италия) спорттық ғұмырын аяқтады.
6.Евгений Непомнящий (Қазақстан) — «Astana Continental Team».
7.Сергей Ренев (Қазақстан) «Astana Continental Team».
8.Валентин Иглинский (Қазақстан) — «AG2R».
9.Евгений Петров (Ресей) — «Team Saxo Bank-Tinkoff Bank».

«Астанаға» келген шабандоздар:
1.Виченцо Нибали (Италия) — «Liquigas».
2. Андреа Гуардини (Италия) — «Farnese Vini — Selle Italia».
3. Якоб Фульсанг (Дания) — «Radioshack — Nissan».
4. Фабио Ару (Италия)
5. Алессандро Ванотти (Италия) — «Liquigas».
6. Руслан Тілеубаев (Қазақстан) — «Aстaнa» құрлықтық командасы.
7. Алексей Луценко (Қазақстан) — «Aстaнa» құрлықтық командасы.
8. Арман Қамышев (Қазақстан) — «Aстaнa» құрлықтық командасы.
9. Валерио Аньоли (Италия) — «Liquigas».
10. Эван Хуффман (США) — «California Giant».