Астана WORLD ATHLETICS INDOOR TOUR сериясының жеңілатлетикалық турнирі өтеді

01 қаңтар 2023, 17:33

23 қаңтарда Астанада World Athletics Indoor tour сериясының жеңілатлетикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
World Athletics Indoor Tour-бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы.

Серия «Гауһар лигасы» үлгісінде жеңіл атлетикалық жабық жарыстардың беделін арттыру мақсатында жасалған. Бұл серия алдыңғы IAAF Indoor Permit Meetings сериясын алмастырды. 2021 жылы тур жарыстың үш деңгейін ұсынды: алтын, күміс және қола. 

Astana Meeting жарыстың күміс мәртебесіне ие. Шетелдік командалардан 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар спорттың 12 түрде жарысады. Жарыстың әр түрінде отандық спортшылармен қатар төрт шетелдік спортшы ұсынылады.

Жарыстың жүлде қоры 4000 долларды құрайды.